Террористер Ұлыбритания астанасы Лондондағы Биг-Бенды жарып жібермек болған – деп хабарлайды The Independent газеті.

Басылым мәліметінше, өткен жылы «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымына мүше» деген күдікпен ұсталған Омар Хак пен оның үш жақтасы Биг-Бенді жарып жібермек болған. Олар бір уақытта Биг Бенге, Уэстфилд сауда үйіне және Хитроу әуежайына террорлық шабуыл жасауды жоспарлаған.

Бұдан бөлек Хак Лондон қаласындағы мұсылмандар мектебінде жұмыс істегенінде балаларға «Ислам мемлекеті» содырларының қолынан өлген адамдар бейнеленген видеоролик көрсетіп, оқушыларды террорлық ұйымға мүше болуға шақырған.

“The Qazaq Times”