Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған ескерту жасап, Сүрияның солтүстігіндегі (Түркия-Сүрия шекарасы маңы) күрдтер бақылауындағы екі аймаққа әскер кіргізетінін айтты. Қазір Түркия армиясының танк қосындары мен жаяу әскерлері Түркияның оңтүстігіне топталуда. Бұл туралы «BBC» ресми сайтында жазды.

Сүрияның солтүстігінде күрдтердің Халықтың өзін өзі қорғау күштері (YPG) аймақты өзінің бақылауына алып келген. Ал бұл қарулы қосынды Түркия үкіметі террорлық ұйым деп санайды. Ердоған сөзінде Африн және Манбиж қалаларындағы «террорлық ұйымды» талқандау үшін Сүриядағы сепаратистік қарулы күштері Түркия әскерлеріне көмектесетінін айтқан. Бұған дейін Түркия қарулы күштері бөлшектеуші тараптың бақылауындағы Африн қаласына артиллериялық шабуылдар жасаған болатын.

Аймақты бақылауына ұстап тұрған күрд күштерінің ресми өкілі Бахжат Абду артиллериялық шабуылды айыптап, Африн халқының түрік армиясына қарсы күресетінін айтқан. Афринның жергілікті БАҚ өкілдері қалада 500 мыңға жуық халық тұрады.

Ердорған бірнеше айдан бері аталған қалада террорлық күштерді тазалау операциясын жүргізетінін айтып келген. Анкара билігі YPG мен Түрияда тыйым салынған Күрд жұмысшы партиясы (PKK) арасында байланыс бар деп есептейді. Бұл партия Түркиядағы күрдтердің дербестік алуды көздейді, бұл үшін 30 жылдан бері күресіп келген. Ал, Сүрия жеріндегі YPG мен АҚШ қолдауындағы «Сүрия демократиялық күштерінің» Түркия шекарасына жақын он мыңдаған шаршы шақырым аумақты басып алғаны Анкараны қатты алаңдатты.

2016 жылы Түркия үкіметі Түркияның сепаратистерін қолдап, «Ислам мемлекеті» террорлық ұйымының маңызды аймағы Жарабулус және әл-Баб қалаларын террорлық топтан азат еткен. Осыдан кейін ресми Анкара YPG-дың батысқа бағытталған әрекеттерін тоқтатуды көздеп, Түркиямен шектесіп жатқан аймақтарды өз бақылауына алуға тырысқан. Өткен жылы қазан айында Түркия билігі Ресей және Иранмен келісіп, Идлиб провинциясына әскерлерін кіргізген болатын. Осы арқылы Сүрияның үкімет күштері мен бөлшектеуші күштері арасындағы қақтығысты тоқтатуға болады деген.

Түркия президенті Ердоған НАТО және АҚШ-ты «Сүрия демократиялық күштерін» Түркия шекарасына жақын аумақта әскери жаттығулар өткізбеуге шақырған. Себебі, АҚШ «ИМ» ұйымына қарсы күресу үшін Сүрияның Түркия және Иракқа шекаралас жерінде 30 мың құралды жасақты жаттықтыру жоспарын жария еткен. Осы аптаның басында аталған жоспарға қарсы Анкара билігі мәлімдеме жасап, «АҚШ террорлық армия» құрып жатыр, Түркия оған белсене қарсы тұрады» деген пікір білдірген. Қазір өңірде жаңа қайшылықтар ұлғая түсті.

“The Qazaq Times”