АҚШ Солтүстік Кореяның бүкіл әлемге ядролық қару қаупін төндіруіне қарсы күресте Қазақстанмен күш біріктіреді. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Ақ үйге сапары барысында белгілі болды. Қазақстан Президенті АҚШ-пен дипломатиялық қарым-қатынасы жоқ Солтүстік Корея мен Американың арасында медиатор қызметін атқаруға ниет білдірді. Бұл туралы Associated Press жазды. 

Қазақстан Президенті АҚШ-тың мемлекет басшысын өз лауазымындағы алғашқы жылын сәтті аяқтауымен құттықтады. Америкада соңғы орын алған салықтық реформаға қолдау білдіріп, бұл жүйенің өз елінде бес жыл бұрын енгізілгенін атап өткен Н.Ә.Назарбаев ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан Қазақстанның тәжірибесін тағы да қайталап өтті. Дональд Трамп Қазақстанды Кеңес Одағының маңызды бөлігі ретінде Корей жарты түбегін ядролық қарудан тазартуда маңызды әріптес көретінін хабарлады.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның ядролық қару қолданысын дамытуды көздеген кез келген мемлекетпен келіссөздер жүргізуге моральды құқығы бар екенін айтты. "Осы себептен біз Иран ядролық келісіміне көңіл бөлдік. Сондықтан да біз Солтүстік Корея мәселесін талқылауға қатысамыз" - деді ол.

“The Qazaq Times”