Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ астанасы Уашингтонға барды – деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

Ресми іс-сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ президенті Дональд Трамппен, сондай-ақ Американың ресми және іскер топ өкілдерімен кездеседі деп күтілуде. Бұдан бөлек Нұррсұлтан Назарбаев БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында сөз сөйлейді деп жоспарлануда.

Естеріңізге салайық, АҚШ президенті Дональд Трамп Нұрсұлтан Назарбаевты қыркүйек айында телефон арқылы сөйлесу барысында Уашингтонға шақырған болатын.

“The Qazaq Times”