2017 жылдың қаңтар-қараша айында Қазақстаннан 35,1 мың адам кеткен. Ал 2016 жылдың дәл осы кезеңінде кеткендердің саны 32,5 мың адам болған. Яғни эмигранттар саны 8 пайызға өскен.

Ал мигранттар санына келер болсақ, 2016 жылмен салыстырғанда (9,2 мың адам) 2017 жылдың қаңтар-қараша айында Қазақстанға келушілер 21,2 пайызға өсіп, 10,3 мың адамды құраған.Миграция айырмашылығы - 20,6 мың адам.

Тараған ақпарат бойынша ТМД елдерінен Қазақстанға тұрғылықты жері бойынша 10,3 мың адам келіп, 31,4 мың адам кеткен. ТМД-мен болған миграция айырмашылығы - 21,1 мың адам.

Ал басқа шет елден келгендердің саны 4,1 мың адам болса, кеткендердің саны 3,7 мың адам. Миграция сальдосы - 467 адам.

Жалпы Қазақстаннан кететін азаматтардың саны жыл сайын өсіп келеді. Ал олардың көпшілігі қандай себеппен кеткені бізге беймәлім. Бірақ олардың елден кетуі көбіне әлеуметтік жағдай мен білім сапасының көрінісі болуы мүмкін.

“The Qazaq Times”