Мемлекет басшысы Универсиада еліміздің тәуелсіздігі тарихында халықтың бірлігін нығайтуға ықпал ететін спорт саласындағы ең ірі оқиға болып саналатынын айтты. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.

– Атқарылған жұмыстардың бәрін жастар үшін жасадық. Универсиаданың әлеуметтік инфрақұрылымы, спорт нысандары бізге ұзақ жыл бойы қызмет ететін болады, – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің ұлттық құрамасына қазақстандықтардың қолдау көрсететіне, сондай-ақ 2017 жылғы универсиада шын мәнінде бүкілхалықтық мерекеге айналатынына сенім білдірді.

Соңында Елбасы спортшыларға алдағы жарыстарда табыс және жарқын жеңістер тіледі.

“The Qazaq Times”