АҚШ Сүриядағы террорлық ұйымдарды заңдастыруда – деп хабарлайды NTV телеарнасы Түркия президентінің баспасөз хатшысы Ибрагим Калынға сілтеме жасап.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның баспасөз хатшысы Ибаргим Калын NTV арнасына берген сұхбатында Сүрияда болып жатқан жағдайларға байланысты пікір білдірген. Онда ол: «АҚШ Сүриядағы террорлық ұйымдарды заңдастыратын іс-әрекет жасауда. Біз кез келген лаңкестік ұйыммен күресеміз. Біздің террорлық ұйымдармен күресіміз ел ішінде және одан тыс жерлерде де болады. Түркия өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлығын қолданады» - деген.

“The Qazaq Times”