АҚШ-тың мемлекеттік департаменті туристердің түрлі елдерге бару кезінде ондағы қауіптің қандай деңгейде екенін анықтауына мүмкіндік беретін интерактивті картаны құрастырды. 

Бірінші топта біршама сенімді, қауіпсіздіктің қарапайым ережелерін сақтауға болатын елдер тұр. Бұл категорияға Шығыс Еуропа, Скандинавия елдері, Беларусь, Қазақстан, Өзбекстан кірген.

Ал екінші топта қауіпсіздік барынша сақталуы тиіс елдер бар. Олар теракт деңгейі жоғары Батыс Еуропа елдері мен Украина. Ал үшінші топта баруды тағы бір қарап шығуға болатын елдер тұр. Олар:  Ресей, Түркия, Пәкістан, Нигер, Чад, Нигерия.

Ал мүлде барудың қажеті жоқ елдер ретінде Ауғанстан, Иран, Сирия, Ливия, Йемен, Солтүстік Корея төртінші орынға жайғасқан.

Мемлекеттік департаменттің өкілі  Мишель Бернье-Тоттың түсіндіруінше,  елдердің жаңа тізімін жасауда бұдан бұрын ескертулер мен ұсысынтардың барлығы ауыстырылған. «Ескертулер мен ұсыныстар халықты мүлде шатастырады. Тіпті олардың айырмашылығын әріптестеріме түсіндіруден шаршадым, Сондықтан бізге халыққа әлдеқайда түсінікті, қолжетімді ақпаратты жасап шығуға тура келді", - деп келтіреді The Washington Post Мишель Бернье-Тоттың сөзін.

“The Qazaq Times”