2017 жылы мемлекеттік бюджетке түскен төлемдер мен салық көлемі 7,1 тлрн теңгеден асты. 2016 жылмен салыстырғанда (6,4 трлн теңге) түсімдер 10,9%-ға өскен. 

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, салықтың ең көп бөлігі Алматыдан түскен - 1,7 трлн теңге, Атырау облысы - 1 трлн теңге, Астана - 989,9 млрд теңге.

Ақтөбе облысы бір жыл ішінде бюджетке 355,8 млрд теңге, Қарағанды облысы 340,3 млрд теңге, Оңтүстік Қазақстан облысы 318 млрд теңге, Шығыс Қазақстан облысы 312,5 млрд теңге, Алматы  облысы 318,5 млрд теңге төлеген.

Маңғыстау облысынан түскен салық пен төлемдер көлемі 335,5 млрд теңгеге, Павлодар облысынікі 239,4 млрд теңгеге, Батыс Қазақстандікі 256,1 млрд теңгеге, Қостанай облысынікі 160 млрд теңгеге жеткен.

Ал Ақмола облысынан 134 млрд теңге, Қызылорда облысынан 104,6 млрд теңге, Жамбыл облысы мен Солтүстік Қазақстан облысынан сәйкесінше, 81,4 млрд теңге және 79 млрд теңге салық төленген.

“The Qazaq Times”