Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев «тұрақты армияның әскери дайындығын жылына төрт рет тексеру қажет» - деп мәлімдеді.

Өзбекстан қауіпсіздік кеңесінің кеңейтілген отырысында сөз сөйлеген Шавкат Мирзиеев тұрақты армияның әскери дайындығы жөнінде сөз қозғаған. Мирзиеевтың сөзінше, Өзбекстан армиясының қазіргі жағдайы бұрынғы жылдармен салыстырғанда өте жоғары деңгейде. Осыдан бірнеше жыл бұрын Өзбекстан армиясының толықтай жауынгерлік дайындығына 5 күн уақыт керек болатын болса, қазір өзбек әскері 3 сағат ішінде кез келген жауға қарсы тұруға дайын.

Естеріңізге салайық, Globalfirepower әлемдік рейтингінде Өзбекстан қарулы күштері 48 орында. Бұл Орталық Азия елдері арасында ең жоғарғы көрсеткіш. Аталмыш рейтингте Өзбекстаннан кейін 53 орынға Қазақстан, 84 орынға Түркіменстан, 109 орынға Қырғызстан және 112 орынға Тәжікстан жайғасқан.

“The Qazaq Times”