Жақында Ақ үйден бірқатар құпия мәліметтер ақпарат құралдарына жарияланғаннан кейін Трампқа деген жұртшылық наразылығы тағы өршіді. Бұл жолы басты тақырып болғаны Трамптың қызмет күн тәртібі болды. АҚШ президентінің күн тәртібі түсініксіз әрі бейберекет жазылатыны жұртты таң қалдырған. Бұл туралы BBC сайты хабар таратты.

Ақ үйден тараған құпия материалдарда белгілі болғандай Трамп бірінші жұмыс жиналысын сағат 11:00-де өткізеді, оған дейінгі үш сағатта ол құжаттармен айналысады. «Қызмет сағаты» Трамптың күн тәртібінде тек шартты ғана, керісінше «күтпеген жайттар» көп болып шықты. Күн тәртіп ережесі бойынша бұл сағаттарда Трамп міндетті түрде президент кеңсесінде отыруға тиіс. Алайда, Трамп өзінің қалаған жерінде теледидар көріп, Twitter-ге мәлімдемелер жазып отыратыны белгілі болған.

Құпия ақпараттар АҚШ-тағы Axios ақпараттық сайтына жарияланып кеткеннен кейін, Ақ үй тарабы дереу мәлімдеме жасап: «Президент Трамп бұл сағаттарда маңызды қоңыраулар қабылдайды және қоңыраулар шалады», – деп түсіндірген. Оған қоса Трамптың жұмысқа көп уақытын арнайтынын атаған. Алайда, АҚШ журналистері Axios сайтында тараған президент қызметінің күн тәртібі мен Ақ үй ресми мәлімдемесінің арасындағы анық көрініп тұрған айырмашылықтарды алға тартуда. Аталған сайт Трамп теледидар алдында біршама көп уақыт отыратынын айтқан.

Axios  сайтының мәліметінше, сағат 11-де Трамп ресми қызметке кіріседі. Алғашқы жиын әдетте арнайы қызмет өкілдерімен болады. Одан кейін де бір-екі кездесулерді өткереді. Ортасында «документтер мен операциялар» деп аталатын демалыстар болып тұрады. Кешкі сағат алтылар шамасында президент өзінің тұрар-жайына қайтып келеді делінген. Бұдан ары аталған сайт «үзілістердің бұл күн тәртіпте жазылмай тұрғаны, президент ондай үзілістерді қызмет бөлмесіне жақын ас бөлмеде, телевизорлардан жаңалықтар қарап өткізеді» деп жазған.

Axios Трамптың қызмет күн тәртібін былай көрсетіп берді:

11:00 – «Саяси бағытты жүзеге асыру» деген шартты атпен жұмыс жиыны өтеді.

12:00 – «Құжаттар мен шешімдер» үшін тынығу.

12:30 – Ланч

13:30 – «Құжаттар мен шешімдер» үшін тынығу.

Алғашында Трамптың күн тәртібі басқаша болған дейді аталған интернет басылым. Ол алғаш президенттік қызметке кіріскен кезінде таңғы астың алдында Рузвельт залында жиналыс өткізіп тастап, кейін өзге күн тәртіпті орындауға кірісетін. Бірақ, бірте-бірте Ақ үй қожайыны еркінсіп кетсе керек.

Көптеген АҚШ президенттерінің қызмет күн тәртібі тым тығыз қызметтік орналастыруларға толы болған екен. Олардың көбі жұмыс тәртібін өздерінің жағдайларына қарай белгілеген екен. Айталық Барак Обама қызметке таңғы сағат 9-10 шамасында бастап кірісетін болған, себебі ол оған дейін таңғы жаттығулар жасайтын әдеті болған. Ал, түстену кезінде отбасы мүшелерімен уақыт өткізу үшін үйіне қайтып келеді екен. Ал, Джорж Буш әр күні қызметке таңғы сағат 06:45-те кіріседі екен. Себебі, ол Обамадай емес ерте ұйықтауға дағдыланыпты. Обама түнгі сағат бір-екіге дейін жұмыста отырған.

АҚШ-тың бұрынғы президенттері арасында, Лидон Жонсон мен Билл Клинтон жұмысқа кірсу уақытын түн жарымына қойғанды ұнатқан. Ал, Рональд Рейганның жұмыс уақыты оның президент мерзімінің соңғы кездерінде қысқарып кетсе керек. Сол кездегі президент көмекшілерінің айтуынша, соңғы екі жылда ол күн тәртібін әрдайым жаттап алатын болған. АҚШ-тың 39-президенті Жимми Катер еңбек сүйгіш болған. Білімді болғанымен, болмайтын ұсақ-түйек жұмыстарға дейін көбірек бас қатыратын адам болған.

Ақ үйдің қазіргі басшысы, АҚШ-тың 45-президенті Дональд Трамп Ақ үй табалдырығын алғаш аттаған кезінде қызметке тым белсенді түрде кіріскен екен. Оның Твиттер парақшасында оның таңертең ерте және түн ортасында болғаны туралы деректер көбірек ұшырасатын. Бірақ, америкалықтар «президентіміз жалқау болып барады» деп наразылық таныта бастады.

Axios сайты Ақ үй баспасөзіне жолдаған сұрағында, телефонға сөйлесу кезінде үш сағат бойы қандай телефондар қабылдайтынын және кімдерге қоңырау шалатынын сұраған. Ақ үй тарабы оған: «Бұл уақыттарда президент өз командасына тапсырма береді, шетел басшыларымен және Конгресс өкілдерімен сөйлеседі», – деп жауап берген.

“The Qazaq Times”