Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Уашингтонға ресми іс-сапармен келеді – деп хабарлайды Ақ үй баспасөз қызметі.

Ақ үй баспасөз қызметінің мәліметінше, Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-қа 16 қаңтар күні ресми іс-сапармен келеді. Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ президенті Дональд Трамппен кездеседі деп күтілуде. Кездесу барысында екі ел басшылары аймақтық қауіпсіздік пен экономикалық ынтымақтастық мәселелері бойынша стратегиялық әріптестікті нығайту және тереңдету жолдарын талқылайды деп жоспарлануда.

Естеріңізге салайық, Нұрсұлтан Назарбаев Уашингтонға ресми іс-сапармен баруға байланысты шақыртуды АҚШ президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесу барысында 2017 жылдың қыркүйек айында алған.

“The Qazaq Times”