2017 жылы 2 миллионнан астам зейнеткердің зейнетақы көлемі 20%-ға дейін артқан. Ал олардың зейнетақы төлемдеріне бағытталған қаражаттың жалпы көлемі 1,6 трлн теңге болды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтында хабарланды. 

Тараған ақпарат бойынша, енді 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ынтымақты зейнетақы  8%-ға, базалық зейнетақы 6% -ға өсті.

"2018 жылдың 1 шілдесінен бастап 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілін және 1998 жылғы 1 қаңтардан кейінгі жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу мерзімін ескере отырып, базалық зейнетақыны тағайындау әдісін өзгерту жоспарлануда. Мұндай өзгеріс базалық зейнетақының өсімін орта есеппен 1,8 есеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Осыған орай, 2018 жылы 1 шілдеден бастап  зейнетақының орташа мөлшері базалық зейнетақыны ескергенде шамамен 82 мың теңгені құрайтын болады", - делінген баспасөз хабарламасында.

Сондай-ақ, биыл азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру үшін 1,9 трлн теңгеден аса қаражат қарастырылып отыр.

Translated to Nazerke Syundyukova

“The Qazaq Times”