Қазақстан кең жолақты интернет жылдамдығы жөніндегі жаһандық индексте екі сатыға төмендеп 54 орынға тұрақтады.

Speedtest Global Index-те ұсынылған мәліметтер бойынша 2017 жылдың желтоқсанында қазақстандық байланыстың орташа жылдамдығы 25,96 Мбит/с болған және 41 орында тұрған Ресей көрсектішінен 11,45 Мбит/с-қа төмен болып тұр. Беларусь та  28,78 Мбит/с  жылдамдықпен Қазақстаннан 3 сатыға жоғары (5 1 орын) тұр. Армениядағы интернет жылдамдығы - 19,68 Мбит/с (69 орын), Қырғызстан 14,01 Мбит/с жылдамдықпен 91 орында.

Дегенмен Қазақстан мобильді интернет жылдамдығы бойынша  (18,9 Мбит/с) 64 орынға тұрақтап, Ресейдің алдында (16,65 Мбит/с-пен 74 орында) тұр. Қырғызстан 98 орында  (11,76 Мбит/с), Беларусь 95 орында. Ал Армения 23,82 Мбит/с жылдамдықпен ЕАЭО елдері арасында бірінші болса, жалпы көрсеткіште 52 орынға ие.

Кең жолақты интернет рейтингінде ең бірінші орында тұрған ел - Сингапур. Бұл елдегі жылдамдық секундына 161,21 Мбит-ті құрайды. Ал мобильді интернет жылдамдығы бойынша 61,2 Мбит/с көрсеткішпен Норвегия бірінші орында.

“The Qazaq Times”