Солтүстік Кореяға халықаралық санкциялар салынғанына ондаған жылдар болды. Жылдан жылға әлем елдерінен оқшауланып барады. Соған қарамастан Пиоңяң билігі (Пхеньян) әлі күнге дейін сауда-саттық байланыстарын үзбей келе жатқан елдер де бар.

Өткен жылы қыркүйек айында Пиоңяң халықаралық сауда жәрмеңкесін ұйымдастырушылардың көрсеткен мәліметіне қарағанда, жәрмеңкеде 250-ден астам отандық және шетелдік компаниялар өз өнімдерін көрсеткен. Солтүстік Кореяның мемлекеттік ақпарат агенттігінің хабарына қарағанда, бұл халықаралық сауда форумына , Сүрия, Қытай, Куба, Иран, Индонезия, Италия, Вьетнам және Тайван қатарлы елдерден компаниялар мен өнімдері қатысқан.

Халықаралық қауымдастық жағынан және Құрама Штат жағынан салынған ауыр санкциялар көптеген елдердің Солтүстік Кореяға қаратқан ауыр санкцияларын тоқтатты. 2017 жылы 23 желтоқсанда санкция қайта жанданды. Бұл рет тіпті Солтүстік Кореяға кіретін тазартылған және шикі мұнайдың 90 пайызына дейін қысқарды. Тек ол ғана емес, Солтүстік Кореяға азық-түлік, электр жабдықтарды әкелуге де тыйым салды.

Бұл компаниялар жөнінен алып қарағанда, Солтүстік Кореяда қауіп-қатер тым үлкен. Дегенмен, Голландияның IT-консультантының негізін салушы Паул Тия Солтүстік Кореяда сауда-саттық жасау мейлінше оңай деп қарайды. Ал, еуропалық делегация іскерлік және инвестициялық мүмкіндіктерді талқылау үшін өткен жылдың мамыр айында Пиоңяңға барған.

Паул Тияның Солтүстік Кореяда сауда жасау туралы: «Барлық адам халықаралық сауда жасауды қалайды. Солтүстік Кореяның экономикасын дамытуға көмектесу өзіңнің пайда табуыңа үлкен мүмкіндік. Тек, Ким Жоң Ун режимімен бірге бизнес жүргізудің жолдарын үйренуіңізге тура келеді. Егер сіз онда ілгерілеушілікті көргіңіз келсе, онда ол жердегі адамдардың мұны жасай алатынына сеніңіз», – деген пікірде.

Солтүстік Кореяның соңғы аптада шығарған сыртқы сауда өнімдерінің тізімінде медициналық құрылғылар мен тұрмыстық керек-жарақтардан тартып, тіпті «iPad» планшеттері де кездеседі. Көптеген сарапшылардың айтуынша, Солтүстік Кореяның сауда журналдары мен хабарларына қарасаңыз КХДР туралы қалыпты әрі кемелді ел ретінде сезінесіз, алайда бұл Ким Жоң Ун режимімен үйлеспейтін әсер.

Олай болса осы өнімдердің бәрі Солтүстік Кореяда өндіріліп сатыла ма? Солтүстік Кореяның ең үлкен сауда серіктесі – Қытай. Қытай мен Солтүстік Корея арасындағы сауда көлемі елдің жалпы саудасының 90 пайызынан көбін иелейді. Сондықтан да, көптеген елдер Қытайды Солтүстік Корея ядролық қайшылығын шешуші кілті деп қарайды.

АҚШ президенті Дональд Трамп Бейжіңге Біріккен Ұлттар Ұйымы тарапынан ең қатаң санкция талаптарын ұсынды. Оның ішінде көмір, теңіз өнімдері мен тоқыма өнімдеріне экспорттық шектеулерді қатаң түрде енгізуді тапсырды. АҚШ Мемлекеттік департаментінің көрсеткен есебі бойынша, егер бұл шектеу толықтай жүзеге асырылатын болса, Солтүстік Кореяның сыртқы саудасының үштен бірі жойылмақ.

БҰҰ қарарымен Солтүстік Кореямен байланысы бар ондаған ірі кәсіпорынның активтерін тоқтатты. Өйткені, Солтүстік Кореяның халықаралық бизнес ауқымы бұрынғысындай ауқымды болып тұр. Соның ішінде экспорттық тауарлар мен халықаралық еңбек экспорты да бар. Айталық, Солтүстік Кореяның шетелге шығаратын еңбек күштері әлі де азая қойған жоқ. Тіпті, Польшада солтүстік кореялық жұмыскерлердің орталығы да ашылған.

БҰҰ-ның соңғы қарары бойынша, бірде бір елге Солтүстік Кореяның жұмысшыларын қабылдауға рұқсат берілмейді. Дегенмен, осыған дейін КХДР-дан шетелге шығып жұмыс істеген жұмысшылар соңғы келісім бойынша 24 айдан кейін еліне қайтады.  Бұл мезгілде олардың Солтүстік Кореяға кіргізетін табысы 1 млрд долларға тура келеді.

БҰҰ сарапшылары Солтүстік Кореяның сыртқы саудадағы басымдығын «Golcom» деп аталатын компаниямен байланыстырады. Компания әскери коммуникациялық жабдықтарды сатады. Бірақ оның штаб-пәтері Малайзияда орналасқан. БҰҰ-ның мәлімдеуінде, «КХДР аталған компанияның Тынық мұхиты жағалауындағы ең үлкен апаны» деп бағалаған. Компания Солтүстік Кореяның ірі шпиондық агенттігінің құрамына кіреді. Болжамдарға қарағанда Солтүстік Корея осы компанияның көмегінде сыртқы саудасын тоқтаусыз жүзеге асырып келеді.  

“The Qazaq Times”