Католония дағдарысы Испания экономикасына 1 млрд еуро шығын келтірген.  Бұл туралы елдің экономика министрі Луис де Гиндос мәлімдеді, деп хабарлайды vestifinance.ru.

"Бұрын Каталонияның экономикалық өсімі Испанияның көрсеткішіне қарағанда жоғары болған. Ол испан экономикасының локомотиві еді. Алайда 2017 жылдың 4 тоқсанында ол "ауыр жүкке" айналды", - дейді де Гиндос.

Министрдің сөзінше, Каталония экономика өсімінің бәсеңдеуі Испанияның жалпы ішкі өнім көрсеткішіне айтарлықтай әсер еткен. Ақпаратқа сенсек, Каталония экономикасының өсімі 0,9 пайыздан 0,4 пайызға дейін азайған. 2017 жылғы саяси өзгерістерден кейін 3 мыңға жуық компания Каталония маңында жұмыс істеуін тоқтатқан.

Айта кетейік, Каталонияның Испаниядан бөлініп шығуға қатысты әрекеті 2017 жылдың қазан айынан басталған. Мемлекеттің тәуелсіздік үшін күресі 2018 жылы жаңа сипат алу мүмкін. Себебі тәуелсіздік үшін болған өңірлік сайлауда сепаратистердің дауысы басым болып отыр. Ал осыдан кейін Испания үкіметінің басшысы Мариано Рахой Каталония үкіметінің басшысы Карлес Пуджемонт пен біраз саясаткерлерді қызметтерінен шеттеткен еді.

Каталония - өзінің салт-дәстүрі мен тілі, 7,5 млн халқы бар автономия. Франциямен шектеседі және Испания өндірісінің бестен бір бөлігін құрайды. Ал егер Каталония дербес мемлекет болатын болса, онда оның ЖІӨ Португалия мен Финляндия елдерінің көрсеткішімен тең болуы мүмкін.

“The Qazaq Times”