Францияның президенті Эммануэль Макрон осы аптада Иранға жасағалы отырған ресми сапарын күшінен қалдырды. Бірақ ол Иран президенті Хасан Руханимен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы «People» басылымы хабарлады.

Телефонда сөйлесу кезінде Франция президенті шеруде қаза болғандарға алаңдаушылық білдірген. Сонымен бірге, Иран президентінен ел азаматтарының ой-пікірін білдіру құқығы мен бостандығына құрмет етуін сұраған.

Рухани мен Макрон сөйлесу кезінде Иран ядролық мәселесінде сөз етті. Макрон Иранмен алты ел жасасқан ядролық келісімді қолдайтынын білдіріп, Франция жақтың 2015 жылғы келісімде табанды болатынын айтқан. Рухани да бұл келісімді атқаратынын жеткізіп, халықаралық қауымдастықты да Иран және алты ел арасындағы келісімге құрмет етуге шақыратынын айтқан.

Айта кетейік, Ирандағы жағдайға байланысты Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған да Иран президентіне қоңырау шалған болатын.

“The Qazaq Times”