ЮНИСЕФ халықарылық ұйымы әлемнің әр бұрышында қаза тапқан және зардап шеккен балалар туралы баяндаманы жариялады.

Халықаралық ұйымның мәліметінше, өткен 2017 жылы балалардың көбі соғыс әрекеттерінің құрбаны болған. 2017 жылдың тек 9 айының өзінде Ауғанстанда 700 бала өлтірілген.

Баяндамада айтылғандай, Ирак пен Сүрияда балалар шейіт есебінде болған және оларға солдат ретінде қараған. Нигерия мен Камерун болса 135 баланы өз-өзіне қол жұмсаушы есебіне қосқан және бұл 2016 жылғы көрсеткіштен 5 есеге жоғары.

Сондай-ақ, ЮНИСЕФ құлдыққа, зорлыққа, балалардың ұрлануына жол берген елдерді балалар құқығын бұзуды тоқтатуға шықырып отыр.

Бұдан бөлек БҰҰ балалар қоры таратқан мәліметке сенсек, әлемде мыңнан аса сәби бір күн өмір сүрместен шетінейді екен. Мәлімет бойынша 2016 жылы күн сайын 2,5 мың сәби дүниеге келгеніне 24 сағат өтпей жатып шетінеген. Ал бір жылда 2,5 млн сәби бір ай да өмір сүрмеген. Ал осы өлімнің кемінде 80 пайызының алдын алуға мүмкіндік болған.

Тараған мәліметке қарағанда балалардың көбі тума ауру салдарынан және сепсис пен пневмония сынды аурулардан көз жұмады екен. Ал бұл аурудың барлығымен күресуге қазіргі медицина қабілетті.

Дегенмен балалар қоры әр сәбиді аман алып қалуға бар күшін жұмсауға дайын екендерін айтады. Осылайша ЮНИСЕФ ақпан айынан бастап сәбилер мен аналарды қолжетімді әрі сапалы медицинаық көмекпен қамтамасыз ету талабы бойынша науқан бастамақ.

“The Qazaq Times”