«The Economist» журналы 2018 жылы отставкаға кетуі мүмкін мемлекет басшыларының тізімін жариялады.

Басылым болжамы бойынша, 2018 жылы билік басынан Куба басшысы Рауль Кастро, Сауд Арабия королі Салман ибн Абдель Азиз ас-Сауд және Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев отставкаға кетуі мүмкін. Бірақ олар биліктен кеткенімен елді сырттай басқарып отыратын болады. Оған журнал сарапшылары Сауд Арабия королін мысалға келтіреді. «The Economist» сөзінше, Сауд Арабия королі Салман ибн Абдель Азиз ас-Сауд орнын ұлы Мұхаммедке босатып бергенімен елді әлі күнге дейін жеке дара басқаруда.

Бұдан бөлек «The Economist» билік басынан кететін уақыты келген, бірақ әлі күнге дейін тақтан түспей келе жатқан мемлекет басшыларының тізімін жариялаған. Олардың ішінде Венесуэла президенті Николас Мадуро, Малайзия басшысы Наджиб Разак және Ұлыбритания патшайымы Елизавета ІІ бар.

“The Qazaq Times”