2017 жылдың елеулі оқиғаларын BBC сан-цифрлармен бейнелейді:

37993

Қаңтар мен желтоқсан аралығында АҚШ бастаған халықаралық коалиция Сүрия мен Ирак жеріне қаратып 37 мың 993 дана бомба атылған. Бұл елдердегі террорлық топтарға Ресейде ауық-ауық әуе шабуылын жасап тұрды. Алайда олар, шабуылдарының саны туралы мәлімет бермеді. Шабуылдардан өлгендер саны туралы тексерулер әлі де жалғасуда. Десе де АҚШ басқарған халықаралық коалиция мен Ресей қарулы күштерінің шабуылдарынан кейін Ирак пен Сүрия жеріндегі «Ислам мемлекеті» содырлар тобы күйрегеніне көз жұма алмаймыз.

127

Индонезиядағы жанартаулардың атылуы биыл бір жыл ішінде 127-ге жетті. Бұл әлемнің барлық жеріндегі жанартаулармен салыстырғанда да өте көп.

1700 000

«Твиттерде» 1 млн 700 мың қолданушы #MeToo хэштегін қолдана отырып, жыныстық қудалау және зорлыққа қарсы тұратынын білдірген. Бұл шараға әлемнің 85 елінен әйелдер қатысқан.

812 футбол алаңы

Антарктидадағы мұзды таулардан аса зор көлемді мұз бөлініп шықты. Бұл осы жылдағы ғаламдық жылынудың ең бір көрнекті нәтижесі ретінде бағаланды. Әрі, оның көлемі 812 футбол алаңына тең болғандықтан, 12 әлем чемпионатын бір уақытта өткізуге болады деп сипатталды.

44 темекі

Үндістанның бас қаласы Жаңа-Делидегі қарашада болған ауаның ластануы әлемдегі ең жоғары шекке жетті. Мамандар сол күнгі ауаның ластануы адам денсаулығына тыныс алуға мүмкін емес екенін, бір ретте 44 темекіні арт-артынан шеккенмен бірдей зиян болатынын айтқан. Әлемдегі ауасы ластанған алдынғы 20 алып шаһардың 10-ы Үндістанда.

1600 пайыз

2017 жылы биткоиндерге сұраныс 1600 пайызға дейін артып, желтоқсан айында 20 мың долларлық шекке дейін жетті.

60 млн олимпиадалық бассейн

Тамыздағы Харви дауылы 150 триллион литр суды теңізден АҚШ жеріне шығарды. Агенттіктердің есебінше мұндай көлемдегі суға 60 млн олимпиада көлшігін толтыруға болады екен.

17 «танымал өлім»

Батыс елдерінің БАҚ-ы көрсеткендей, биылғы жылы көз жұмған әлемге танымал адамдар саны былтырғыдан көбірек. Олардың мәліметінше биыл әлемге танымал 17 адам қаза тапқан. Айталық, Playboy журналының негізін қалаушы Хью Марстон Хефнер, америкалық комик Джерри Льюис, миллиардер Дэвид Рокфеллер, музыкант Том Петти, пианист Фэтсом Домино қатарлылар бар.

“The Qazaq Times”