«Қазатомөнеркәсіп» компаниясы әлемдік державалардың рұқсат бермеуіне байланысты Иранға уран тасымалдай алмай отыр.  

Ұлыбританиялық "News Europe" ақпарат агенттігінің мәліметінше, «Қазатомөнеркәсіп» компаниясы Иранға уран өнімдерін тасымалдау үшін Тегеран келісіміне мүше Ұлыбритания, Қытай, Ресей, АҚШ, Франция және Германия елдерінің келісімін алуы тиіс. Бірақ әзірге Тегеран келісіміне мүше алты мемлекеттің алтауыда "Қазатомөнеркәсіпке" рұқсат бермеген.

Иранның "Financial Tribune" сайтының хабарлауынша, «Қазатомөнеркәсіп» компаниясы Иранға уран өнімдерін тасымалдауға байланысты келісім шартты өзгерткен. Өзгертілген келісім шарт бойынша, Қазақстан тарапы жоғарыда аталған 6 мемлекеттің келісімімен 2018 жылдан 2020 жылға дейінгі аралықта Иранға уран өнімдерін тасымалдайтын болады.

Қазақстан Иранға 950 тонна уран өнімдерін тасымалдауға байланысты келісім шартқа 2016 жылдың сәуір айында қол қойған. Келісім бойынша, "Қазатомөнеркәсіп" компаниясы Иранға уран өнімдерін 2017  жылы тасымалдауы тиіс болған.

“The Qazaq Times”