Гватемала Израиль астанасы Тель-Авивтегі елшілігін Иерусалимге көшірді – деп хабарлайды ВВС ақпарат қызметі.

Гватемала президенті Джимми Моралес ел билігі не үшін мұндай қадамдарға барғанын өзінің Facebook парақшасында түсіндірген. Ол онда Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен сөйлескендігін және Иерусалимді Израиль астанасы деп мойындайтындығын жазған.

Естеріңізге салайық, желтоқсан айының 21-і күні Біріккен Ұлттар Ұйымы Иерусалим қаласын Израиль астанасы деп мойындамау туралы қарар қабылдаған болатын. Қарарды 128 мемлекет қолдап, 35 ел қалыс қалып, 7 мемлекет қарсы дауыс берген. Қарсы дауыс берген 7 мемлекеттің біреуі Гватемала болған.

“The Qazaq Times”