АҚШ-тың Қорғаныс министрлігі Боинг (Boeing) компаниясы Катарға 36 дана  F-15 әуе жойғыштарын жеткізу туралы құны 6,2 млрд $ болатын келісімге қол қойды. Пентагонның ресми мәлімдемесіне сәйкес, ұшақтар Сейнт Льюсте дайындалып, Катарға 2022 жылы тасымалданады. Бұл туралы Әл-Жазира ақпараттық агенттігі жазды. 

Пентагон жариялаған құжатта "Катар АҚШ-тан әскери мақсатта F-15QA маркалы 36 әуе бомбылаушы ұшағын сатып алады. Бұл - Катардың Америкадан алуы керек 72 аэроқұрылғысының жартысы" делінген. 2016 жылдың қараша айында басталған бастама осы жылдың маусымында Катар мен Америка арасында 12 млрд $ бағаланған келіссөздерге қол қоюмен нәтижелі аяқталған болатын.

Катардың Қорғаныс министрі Халед әл-Аттия өз сөзінде: "Бұл келісім Катардың экстремизм мен терроризмге қарсы күресу туралы стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру жолында АҚШ-пен әріптестігін жандандыруға мүдделі екенін көрсетеді", -деді.

Осыдан бұрын Катар АҚШ пен Ұлыбританиядан "Тайфун" жойғыштарын сатып алатыны жөнінде мәлімдеме жасаған еді. Аталған келіссөздер Катарға қарсы Араб елдерінің тарапынан алты айдан астам уақытқа созылған блокада кезінде жасалып отыр.

“The Qazaq Times”