Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнековтың Қазақстанға ресми іс-сапармен қай күні келетіні белгілі болды.

Қырғызстан президент әкімшілігінің сыртқы саясат бөлімінің басшысы Айзада Субақожоеваның сөзінше, Сооронбай Жээнбеков желтосқан айының 25-26 күндері аралығында Қазақстанға ресми іс-сапармен келеді.

Бұған дейін Қырғызстан басшысы Сооронбай Жээнбеков пен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қараша айының 30-ы күні Минск қаласында ҰҚШҰ (ОДКБ) отырысы аясында кездескен. Аталмыш кездесу барысында екі ел басшылары қазақ-қырғыз шекарасындағы мәселелерді талқылап, Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы кеден қызметін реттеуге байланысты «жол картасын» қабылдаған.

Сооронбай Жээнбековтың Қазақстанға іс-сапары кезінде қазақ-қырғыз шекарасын деморкациялауға байланысты құжаттарға қол қойылады деп күтілуде. Сооронбай Жээнбеков Нұрсұлтан Назарбаевтан бөлек, премьер-министр Бақытжан Сағынтаевпен де кездеседі деп жоспарлануда.

“The Qazaq Times”