KLM әуе компаниясы Амстердам-Астана және Амстердам-Алматы рейстерін жабады. Бұл туралы әуекомпаниядан хабарланды, деп жазды LS.

Әуе компанияның мәліметінше, бұл өзгеріс экономикалық себептермен және KLM-ның әуе рейстерін оңтайландыру нәтижесімен байланысты болып отыр.

"Өкінішке орай, KLM әуе компаниясы Қазақстанға ұшу бойынша маусымдық бағдарламаға өткенін хабарлағанмен, 2018 жылдан бастап Амстердам-Астана/Алматы рейсін (KL405/KL407) жазғы маусымда бойынша (сәуір-қазан) тоқтатады", - деп мәлімдеген компаниядан.

Дегенмен Air France пен KLM бұрынғыдай Қазақстандағы жұмысын жалғасытрады. Себебі әуе компаниялар Астана-Париж маршруты бойынша қазақстандық Air Astana әуе компаниясымен код-шеринг келісімін (код-шеринг — рейстер мен ұшақтарды бірлесе пайдалану туралы әуе компаниялар арасындағы келісім - ред.) жасаған.

“The Qazaq Times”