Парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілінің латын әліпбиінде апострофтардың қолданылуына қатысты пікірін білдірді. Бұл туралы ол өзінің твиттер парақшасында жазды.

"Ұлттық комиссия қазақ тілі латын әліпбиі бойынша нақты шешімге келген жоқ, сондықтан "апостроф" әліпбиін газеттерде я басқа жерлерде пайданалуға әлі ерте", - деді ол әлеуметтік желі парақшасында.

Айта кетейік, бұдан бұрын да Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ әліпбиін латынға көшіру кезінде қоғамдағы пікірлер мен ұсыныстарға назар аудару керегі туралы өзінің твиттердегі парақшасында жазған. Ол: "Ұлттық комиссия латын әліпбиі бойынша қоғам талқылауындағы мардымды ұсыныстарды ескеруі қажет". Сонымен қатар,  осыған дейін Елбасы айтқанындай, латын әліпбиін қолданысқа енгізуді кезең-кезеңімен іске асырған жөн", - деген еді әлеуметтік желідегі парақшасында.

“The Qazaq Times”