Шешенстан президенті Рамзан Кадыров «Шешендер Путин қайда бар десе, сонда барады» - деп мәлімдеді.

Рамзан Кадыров Ресей президенті Владимир Путиннің желтоқсан айының 14-і күні өткізген баспасөз мәслихатында «тек шешенстандықтар ғана Сүрияда жаяу жүре алады» деген сөзіне жауап берген. Ол өзінің Telegram әлеуметтік желісіндегі каналына: «Дұрыс айтады. Біз Ресей президентінің жаяу әскеріміз. Ол бізге қайда бар десе, біз сонда барамыз» - деп жазған.

Естеріңізге салайық, бұған дейін Шешенстан президенті Рамзан Кадыров билік басынан кететінін айтқан. Бірақ ресми Кремль «Кадыровты ешқайда жібермейміз» деп мәлімдеген болатын.

“The Qazaq Times”