Ресейдің Қорғаныс министрлігінің 14 желтоқсанда жасаған мәлімдемесінде, Сүрияда міндет өтеген Su-34 жойғыш ұшақтарының Ресейге қайтып оралғанын мәлімдеді. Бұл туралы «Шинлаң» ақпараттық сайты хабарлады.

Ресей Қорғаныс министрлігі жасаған мәлімдемеде, «Su-34 соғыс ұшақтары, Сүрия жеріндегі міндетін толықтай орындап, Хмеймим әуе базасынан Ресейдің Хаборовск әскери базасына оралды» делінген. Бұл Ресейдің Сүриядағы әскерлерін кері қайтару шешімінен кейін, екінші рет әскери қосындарының орала бастағанын мәлімдеуі. Дегенмен, мәлімдемеде қанша соғыс ұшағының Ресейге қайтқаны туралы анық мәлімет жоқ.

Осымен бір уақытта Түркияның «Анатолы» ақпарат агенттігінің сайтында, Ресей президенті Владимир Путинның кезекті жылдық қорытынды баспасөз конференциясындағы пікірі де жария етілді. Онда Путин АҚШ-қа хабарлама жолдап, «айуандарша соғыса беруді» тоқтату керектігін айтқан.

2018 жылы Ресейде болатын президент сайлауына байланысты Путин әлемге әділет орнатушы, құтқарушы бейнесінде көрінуге тырысып жатқаны байқалады.

“The Qazaq Times”