Америка елшілігі 2020 жылға дейін Иерусалим қаласына көшірілмейді – деп хабарлайды «The New York Tims» газеті.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон The New York Tims басылымына берген сұхбатында: «Америка елшілігін Иерусалим қаласына көшірілуі қысқа уақытта жасалатын жұмыс емес. Бұған әлі үш жыл уақыт қажет және бұл өте амбициялы мақсат» - деген. Бұған дейін президент әкімшілігі функционалды және логистикалық себептерге байланысты Израильдегі АҚШ елшілігін Иерусалимге ауыстыра алмайтындықтарын мәлімдеген болатын.

Естеріңізге салайық, 6 желтоқсан күні АҚШ президенті Дональд Трамп Иерусалим қаласын Израиль астанасы деп мойындап, Америка елшілігі Тель-Авивтен Иерусалимге көшіруге тапсырма берген болатын.

“The Qazaq Times”