Алматыда инженерлік желілер қайта жасалған соң Оңтүстік-Шығыс қазандығы жаңарды, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Әкімдіктің мәліметінше, модернизациялау бойынша қазандықтың жылу қуаты 25%-ға артып, қала тұрғындарының пәтерлеріне жылу тұрақты беріліп, жаңа абоненттердің қосылуы қамтамасыз етілген.

Жалпы Алматыда  биыл жазда инженерлік желілерді қайта жасау мен салу кезінде ұзындығы 761,3 км инженерлік жүйе  жаңарды, оның ішінде 313 км су, 266 км кәріз құбырлары мен 150 км электр және 32,3 км жылу желілері қайта жасалды.

Сумен қамтамасыз ету және судан бөлу желілерін модернизациялау барысында құбырлардың тозуы 3%-ға, апат 4%-ға, шығын 5,2%-ға азайған. Қаланың 11 мыңнан астам тұрғыны сумен қамтудың орталықтандырылған жүйесіне қосылды.

Қаланың Оңтүстік-Шығыс қазандығын күрделі жөндеуден өткізу гидравликалық шығынды  азайтып, кәсіпорын қуатын 168 ден 208 Гкал/сағатқа арттырып, 40 көппәтерлі тұрғын үйлер жылу желісіне қосылды.

Сондай-ақ, Оңтүстік-Шығыс қазандығы 70 мыңнан астам пәтерге, 700 заңды тұлғаға қызмет көрсетеді, қала жылуының 9%-ға жуығын береді. Қазандық газбен жұмыс істейді, ауаға тек қызған бу ғана шығарылады.

“The Qazaq Times”