Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры ауысты. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қайрат Қожамжаров ҚР бас прокуроры болып тағайындалды.

Ақорданың твиттердегі парақшасында: "Парламент Сенаты Бас прокурор лауазымына ұсынылған Қожамжаров Қайрат Пернешұлының кандидатурасын қолдады", - деп хабарланды.

Айта кетейік, бұған дейін Қожамжаров ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы қызметін атқарған.

Ал бұған дейін Бас Прокурор қызметін атқарып келген Жақып Асаноов Президент Жарлығымен  Жоғарғы Сот төрағасы болып тағайындалды.

“The Qazaq Times”