Солтүстік Корея билігі биологиялық қару жасауда – деп хабарлайды Washington Post газеті.

Басылым мәліметінше, Солтүстік Корея 10 жылдан бері биологиялық қару жасауға талпыныс жасап келген. Бірақ оның барлығы осы уақытқа дейін сәтсіз болған. Washington Post-тың АҚШ барлау қызметіндегі дереккөзінің сөзінше, биыл Солтүстік Корея биологиялық қару жасауда тиісті техникалық нәтижелерге қол жеткізген. Олар өз мақсатына жету үшін ғалымдарын 10 жыл бойы әлемнің алдыңғы қатарлы университеттерінде микробиология саласы бойынша оқытқан.

Естеріңізге салайық, Солтүстік Корея 1987 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының биологиялық қару жасауға және қолануға тыйым салатын қарарына қол қойған. Бірақ АҚШ барлау қызметінің 2004 жылы Конгресске ұсынған құжаттары бойынша, КХДР билігі биологиялық қару жасауды әлі күнге дейін жалғастыруда.

“The Qazaq Times”