Бірнеше ресейлік телеарна Қазақстан аумағында хабар таратуын тоқтатты – деп хабарлайды «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының баспасөз қызметі.

«Қазақтелеком» баспасөз қызметінің мәліметінше, компания 11 желтоқсаннан бастап Қазақстан аумағында «НТВ-Мир», «РТР-Планета», «Россия-24» және «Россия-Культура» телеарналарының хабар таратуын тоқтатқан. Себебі аталмыш телеарналар ретрансляция құнын қымбаттатқан.

Қазіргі таңда Қазақстан тарапы ресейлік телераналармен бұрынғы баға бойынша жұмыс істеуге байланысты келіссөздер жүргізуде. Бірақ ресейлік тарап «Қазақтелеком» компаниясының ұсыныстарымен келіспеуде.

“The Qazaq Times”