АҚШ президенті Дональд Трамптың Иерусалим қаласын Израиль астанасы деп мойындау шешіміне байланысты Иерусалим қаласының шығысында және батыс Шерия қалаларында палестиналықтардың наразылық шеруі басталды. Бұл туралы «Анатолы» ақпараттық агенттігінің ресми сайты жазды.

Хабарға қарағанда, шығыс Иерусалимде көне қала аймағына кіретін Дамаск районының қақпасында палестиналық ереуілшілер жиналып, Трамп шешіміне байланысты наразылық шеруін жасады. Олар «Иерусалим – жанымыз! Қанымыз пида болсын!» деген ұрандар тастаған.

Аталған агенттіктің хабарына сенсек, Израиль полициялары ереуілшілерге қарата күш қолданған. Жасауратқыш гранаттар мен пластмасс оқтар пайдаланған. Ереуілшілер Израиль полицей қызметкерлерін таспен атқылаған. Наразылық шерулері Бейтулхалим, Рамаллах қатарлы қалаларда да жалғасуда.

Айта кетейік, АҚШ-тың Иерусалимді Израиль астанасы деп мойындау шешіміне байланысты, бір күні бұрын, Ирак Сыртқы істер министрлігі ресми наразылық нотасын жолдап, АҚШ шешіміне қарсылығын білдірді.

“The Qazaq Times”