АҚШ-та мектепке жасалған шабуылдан екі жасөспірім қаза тапты. Полицияның мәліметінше, оқ жаудырған қылмыскер оқиға орнында мерт болған. Ресми ақпарат өзге зардап шеккендердің барын жоққа шығарғанымен, жергілікті халық 15 оқушының әртүрлі жарақат алғанын айтқан. Бұл туралы AFP ақпараттық агенттігі жазды. 

Қайғылы оқиға Нью-Мексика штатындағы ацтектердің жоғарғы мектебінде болған. Жергілікті ата-аналар балалардың қауіпсіздігіне алаңдаушылық білдіріп, АҚШ-тағы қарудың еркін қолданысынан туындайтын қылмыстардың соңғы кездерде жиілеуіне наразылық танытты.

Үкіметтік емес ұйымдардың ақпаратына сәйкес, биылғы жылы жаппай оқ ату қылмыстарынан 3 мың 700 бала мен жасөспірім көз жұмған. Екі адамнан артық қылмыскердің қатысуымен болған қанды атыстардың жалпы саны - 328. АҚШ-тағы сырқаттың алдын-алу және емдеу орталықтарының мәліметінше, Америкада жыл сайын қарудан 33 мың адам қаза табады.

“The Qazaq Times”