Мәскеуде болған Каспий төңірегіндегі елдердің Сыртқы істер министрлері кездесуінің 7-ші отырысында, Иран жақ өңірдегі ынтымақтастық көлемін кеңейту туралы бірқатар ұсыныстарды ортаға қойды. Бұл туралы сол елдің «Парс.Тудей» ақпарат агенттігі сайтында хабарлады.

Кездесу отырысы кезінде Иран СІМ басшысы Каспий теңізіндегі территория құқығы мәселесін шешумен қатар, ортақ инвестиция қорын ашу, ортақ кедендік бақылау және мәдени-экономикалық байланыстарды дамыту қатарлы ұсыныстарды алға қойды. Иран жақтың ұсыныстары арасында туризм мен қатынас тасымалды, визалық қызметтерді жеңілдету жақтары да айтылған.

Соңғы жылдары, әсіресе Иранның Батыс елдерімен арасындағы қайшылығы артқан сайын, Ресей және Каспий теңізі айналасындағы елдермен ынтымақтастыққа деген ынтасы артып отыр. Каспий теңізі арқылы Қара теңіз, Балтық теңізі, Кавказ өңірі қатарлы экономикалық, стратегиялық маңызды аймақтармен тұтасуға болатыны, Иранның ұзақ болашағы үшін аса маңызды болмақ.

“The Qazaq Times”