Нұрсұлтан Назарбаев үкіметке отандық компаниялардың шетелдегі қаржы активтерін елге қайтаруды тапсырды.

Индустрализация күніне орай өткізілген жиында сөз сөйлеген Нұрсұлтан Назарбаев қаржы активтерін шетелдерде ұстайтын отандық компанияларды қатаң сынға алып, шетелдегі барлық қаржыны елге қайтаруды талап еткен. Ол өз сөзінде: «18 отандық компания 12,5 миллиард доллар қаржысын шетелде сақтауда. Оның ішінде «Теңізшевройл» - 4,5 миллиард долларын, «ҚазМұнайГаз» - 3 миллиард долларын, «ҚазМұнайГаз» БӨ» - 2 миллиард долларын, «Бейнеу-Шымкент» - 100 миллион долларын, «Азия газ құбыры» - 1 миллиард долларға жуық қаржысын шетелде ұстап отыр. Үш рет заңдастыру болды. Осы уақыт аралығында бір адам қылмыстық жазаға тартылды ма? Тартылған жоқ. Сіздер шетелде сақтаған қаржыларыңыздың барлығын санкция уақытында жоғалтасыздар. Сіздерге сол сәтте ешкім көмектеспейді. Шетелдегі қаржыларыңызды Қазақстанға алып келіп сақтаңыздар. Сіздерге қандай кепілдік керек? Заң ба, жарлық па? Мен керек дүниені жасап беремін. Егер біздің айтқанымызды істемейтін болсаңыздар онда оны біз істейміз. Мен ол ақшаларды басқа жолдармен қайтаратын боламын. Бірақ ол кезде ол қаржы сіздерде болмайды. Біз сіздердің қаржыларыңызды тартып аламыз деген отырған жоқпыз. Осы уақытқа дейін мемлекет сіздерге сол қаржыны табуға мүмкіндік берді. Ал сіздер оны мемлекеттен жасарып отырсыздар. Қазақстан қаржысын жасарып отырсыздар» - деген.

“The Qazaq Times”