Киев қаласында Грузияның экс-президенті, Одесса облысының бұрынғы губернаторы Михаил Саакашвили ұсталды.

«Страна» ақпарат көзінің мәліметінше, Саакашвилиді ұстау барысында оның үйінің алдында тәртіп сақшылары мен саясаткер жақтастары арасында қақтығыс болған. Саакашвилидің өзі өзінің тұтқындалуын "Ресей президенті Владимир Путиннің тапсырысы" деп мәлімдеген. Әзірге оның не себепті ұсталғандығы жайында ешқандай ресми мәлімдеме жасалмаған. Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметі бойынша, Саакашвилиді жақында ел президенті Петр Порошенкоға қарсы өткізген шеруді Украинаның бұрынғы президенті Виктор Януковичтің қаржысына ұйымдастырды деген күдікпен ұстаған.

Естеріңізге салайық, желтоқсан айының 3-і күні Михаил Саакашвили жақтастарымен бірге Киев қаласында Петр Порошенкоға қарсы шеру өткізген. Шеруге қатысушылар Порошенконың отставкаға кетуін талап еткен болатын.

“The Qazaq Times”