Қырғызстан Жоғары Кеңес депутаты республикалық маңызы бар тас жолға Алмазбек Атамбаевтың атын беруді ұсынды.

Желтоқсан айының 5-і күні «Бір жол» партиясының депутаты Қуанышбек Жұмалиев Жоғары Кеңестің жылжымалы комиссия отырысында елдің оңтүстігі мен солтүстігін байланыстыратын тас жолға экс-президент Алмазбек Атамбаевтың атын беруді ұсынған. Оның сөзінше, Алмазбек Атамбаев тас жолға атын беруге лайықты тұлға.

Естеріңізге салайық, бұған дейін Қырғызстанның су жаңа президенті Сооронбай Жээнбеков Алмазбек Атамбаевқа «Қырғызстан Республикасының  Батыры» атағын берген. Ал біздің елімізде 1 желтоқсан «Тұңғыш Президент күні» қарсаңында Алматы қаласының басты көшелерінің бірі Фурманов көшесіне Нұрсұлтан Назарбаевтың аты берілген болатын.

“The Qazaq Times”