Тайвань тауларында  кемпірқосақтың шыққан уақыты тоғыз сағатқа созылған. Жауыннан кейін бірнеше минутқа ғана созылатын тамаша құбылысты жергілікті халық бірнеше сағат бойы тамашалаған. Қытай мәдениеті университетінің профессорлары мен студенттері түсірген бейнежазбалар мен суреттер ерекше құбылыстың 06.57-15.55 аралығында болғанын анықтаған. Бұл туралы ВВС ақпараттық агенттігі жазды. 

Егер бұл деректер негізге алынып, расталатын болса, онда осыған дейін тіркелген рекорд жаңартылуы мүмкін. Тарихтағы ең ұзақ уақытқа созылған кемпірқосақ 1994 жылы 14 наурызда Ұлыбританияның Йоркшир қаласында көрінген. Ол 09.00-15.00 аралығында алты сағатқа созылған.

Қытай мәдениеті университетінің оқытушылық құрамы және студенттерінің қатысуымен жинақталған 10 мыңға жуық сурет және өзге де деректер Гиннестің рекордтар кітабына ұсынылады.

“The Qazaq Times”