Сәтпаев қаласында «Қазақмыс» корпорациясының жұмысшылары ереуілге шықты.

Қараша айының 30-ы күні Сәтпаев қаласында «Қазақмыс» корпорациясының 300-ге жуық жұмысшысы шахтадан жер бетіне шығудан бас тартқан. Жұмысшылар корпарация басшылығынан жалақыларын 70 пайызға өсіруді, зейнетақыларын қайта есептеуді, шипажайларда тегін емделуді және компания басшысы Эдурад Огайдың өздерімен кездесуін талап еткен.

Қазіргі таңда Оңтүстік-Жезқазған кен орынын полиция қызметкерлері қоршауға алған. Шахта ішіне сырттан ешкімді кіргібеуде.

“The Qazaq Times”