АҚШ-та түркиялық банкир Атилланың үстінен сот отырысы өтуде. Атиллаға  ирандық компанияларды АҚШ-тың санкцияларынан құтқаруға көмектесу үшін Зарраб және тағы жеті адаммен келісім жасады деген айып тағылған. Адвокаттардың айтуынша, сейсенбі күнгі сот отырысында түрік магнаты Реза Зарраб АҚШ үкіметімен селбесіп, куәлік беретін болып келіскен.  Зарраб осыдан бұрын Нью-Йорк прокурорлары жағынан АҚШ-Түркия арасындағы шиеленіске қатысты деп айыпталған. Бұл туралы «WSJ» басылымы хабарлады.

Манхэттен Федералдық сотында түрік банкирі Мехмет Хакан Атилланың сот процесі өтерден бұрын, адвокаттар куәгер ретінде Реза Заррабтың атын атады. Дегенмен, қорғаушы адвокаттар сот процесін екі аптаға кешіктіруді сұрады. Себебі дүйсенбі күні кеште прокурорлардан АҚШ үкіметіне қатысты 10 мың беттен асатын материалдарды алғандықтан, бұларды сот отырысына дайындау үшін жетерлік уақытты талап етіп отыр.

Мәліметтерге қарағанда, Сот отырысында прокурорлар Заббердің өзіне тағылған айыпты мойындағанын, сейсенбі күні түстен кейін куәлік беруіне болатынын алға тартқан.

Айта кетейік, Атилла осыдан бұрын өзіне тағылған айыпты жоққа шығарған еді.

“The Qazaq Times”