Құрманбек Бакиев Қырғызстанға қайтып оралса, оны не күтіп тұр?

Жақында «Хабар» телеарнасында 2010 жылы Қырғызстанда болған революцияға байланысты деректі филім көрсетілді. Онда Қырғыз елінің экс-президенті Құрманбек Бакиев уақыты келгенде Қырғызстанға қайтып оралатынын айтқан. Осыдан кейін Қырғызстан БАҚ өкілдері жаппай Бакиевтің сөзін талқылай бастаған. Кейіннен Қырғызстан Жоғарғы соты журналистердің «Құрманбек Бакиев елге қайтып оралса, оны не күтіп тұр?» - деген сауалына жауап берген. Жоғарғы сот таратқан мәлімет бойынша, 2016 жылы 29 шілде күні Жоғарғы сот 2010 жылы сәуір айында болған оқиғаларға байланысты қылмыстық істі қараған. Сот шешімі бойынша, Құрманбек Бакиев кінәлі деп танылып, сырттай 30 жылға сотталған.

Естеріңізге салайық, қазіргі таңда Құрманбек Бакиев Беларусь астанасы Минск қаласында тұрады. Оған 2010 жылы Қырғызстаннан кетуге Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев көмектескен.

“The Qazaq Times”