Қазақстандық жұмыс берушілер жасы үлкен жұмысшыларды қызметке алуды азайтқан. Осы жылы жасы 55-64 жас аралығындағы жұмыссыздардың саны 3 тоқсанның қорытындысы бойынша 6,5% болған. Негізі бұған дейін жасы үлкен жұмыссыздардың саны 5%-дан асып көрмеген. Былтырғы жылы көрсеткіш 4,5%-ды құраған. 

Сонымен finprom.kz сараптама агенттігінің мәліметінше, ұлттық еңбек нарығында жасы үлкен жұмыссыздардың саны 29-34 жас аралығындағыларға қарағанда басым болып отыр. Ал жұмыссыз жүрген жастардың көрсеткіші 2016 жылдан бері 6,6%-дан 6,1%-ға дейін төмендеген.

Зейнет жасына жетіп қалған қазақстандықтардың арасында ерлердің де әйелдердің де саны бірден артып кеткен. Мысалы осы жылы 55-64 жас аралығындағы жұмыссыз ерлердің саны бірден  9,6 мың адамға немесе 44%-ға өссе, дәл осы жастағы әйелдердің үлесі а 8,4 мыңға немесе 53,4%-ға өскен.

Бұрынғы статистика бойынша, негізі жұмыссыз әйелдердің үлесі ерлерге қарағанда жоғары болған. Алайда соңғы екі жылда керісінше, жұмыссыз ерлердің саны басым бола бастаған.

 

“The Qazaq Times”