Канадалық Х-Matic компаниясының Lane Cruise құрылғысы кез келген автокөлікті жүргізушісіз көлікке айналдыра алады.

Ол орталық процессор, камера, жүргізушіге арналған сенорлы интерфейс  және машинаны басқаруға арналған басқыштармен жабдықталған.

Құрастырушылардың сөзінше, құрылғы GPS арқылы жұмыс істемейтін болғандықтан өзіне ұқсас құрылғыларға қарағанда бағасы арзан болады. Жақын уақытта Lane Cruise-тің бета-нұсқасы сатылымға шығады деп күтілуде. Оның бастапқы бағасы 1500 долларды құрамақ. Бірақ құрылғы қанша арзан боғанымен ол толықтай жүргізушіні алмастыра алмайды. Себебі ол жолағы жоқ жолдар мен көлігі жоқ көше қиылыстарын сканерлей алмайды.

“The Qazaq Times”