Алматы әкімі Гонконгқа жұмыс сапары барысында өңірдің мемлекеттік және іскер ортасымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді, сонымен қатар Гонконг әкімшілігінің басшысы Кэрри Ламмен жүздесті, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Кездесуде  Кэрри Лам  Алматы экономикасы Гонконгтағыдай түрлі сервистен,саудадан, қаржы қызметі мен логистикадан құралатындығын, соның арқасында тұрақтылық қамтамасыз етіліп, қала инвестиция тарту үшін  тартымды болатындығын атап өтті.

Алматы әкімі Бауыржан Байбектің кездесу кезінде айтқан мәліметтеріне қарағанда «Doing Business» рейтингінде Гонконг  4  орында тұрса, әлемнің 190 елінің ішінен Алматы  36-ыншы орында.

«Бір терезе» қағидасы бойынша біз Алматыға келген инвесторларға жобаларын жүзеге асыру  үшін барлық көмекті көрсетеміз. Орталық Азияның 65 миллиондық, Еуразиялық экономикалық одақтың 180 миллион адамы бар нарығы  қызықтыратыны сөзсіз. Егер кәсіпорын Алматыда орналасса бұлар қожетімді  болады», - деп атап өтті  Бауыржан Байбек.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша келер жылы Алматыда Гонконгтің саудасын дамыту жөніндегі Кеңес өкілдігін ашу туралы келісімге қол жеткізілді. Бұлдан өзге, Гонконг пен Алматыда сауда, инвестиция, инновация және ШОБ бойынша  ынтымақтастықты  нғыайту үшін  «Алматы» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы мен Гонконгтің сауданы дамыту Кеңесі арасында қажетті меморандумға қол қойылды.

“The Qazaq Times”