Ақтау портында «Қазақтеңізкөлікфлоты» компаниясының ұйымдастыруымен  «Ембі» және «Талас»  сүйреткіш кемелерін (буксир) салтанатты қабылдау рәсімі өтті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Жоба «Қазақтеңізкөлікфлоты» үшін үш сүйреткіштің толық жабдықталуын қамтамасыз ету мақсатында «Damen»  кеме жасау компаниясы және  «AlHilal» Ислам банкі мен Отандық теңіз флоты арасында қаржылық келісімнің шартына сәйкес жүзеге асырылуда.

Үшінші сүйреткіш кемесін жабдықтау жұмыстары келесі жылы аяқталады деп күтілуде. «Қазақтеңізкөлікфлоты» ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы су жаңа қуатты заманауи буксир есебінен отандық флот бірліктерін ұлғайтты.

Ұзындығы 27 метр және ені 9 метр буксирлер Солтүстік Каспийдің суы таяз аймақтарында жүзеді. Буксирлердің негізгі міндеті кемелерді сүйреу, ассистенттік қызметтерді ұсыну, навигациялық көмек көрсету және зәкірлерді өңдеу. Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Қазақтеңізкөлікфлоты» жаңа кемелерді толықтыру арқылы даму стратегиясын  бірізділікпен және кезең-кезеңмен іске асырмақ және Каспий теңізінің қазақстандық секторын игеру бойынша жобалар шеңберінде ұсынатын қызметтер аясын кеңейтпек.

“The Qazaq Times”