Аустралия АҚШ Президенті Дональд Трамптың тұсында Американың  Азиядағы ықпалы төмендеп келе жатқанын айтып, ескерту жасады. АҚШ-тың одақтастары Қытайдың сыртқы саясаты күшеюіне орай, АҚШ-тың қазіргі басшысының көп мәселеге араласпай, оқшаулану саясатын ұстанатынына наразы екенін жариялаған Аустралияның Сыртқы саясаты туралы Ақ кітап деп аталатын баяндама араға  13 жыл салып, жарық көріп отыр. Бұл туралы APF ақпараттық агенттігі жазды. 

136 беттен тұратын құжатта "АҚШ Аустралияның Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі тарихында өңірдегі басымдыққа ие мемлекет болатын. Қазір Қытай Американың позициясына бәсекелес болып отыр" делінген. Қытай Аустралияның бұл мәлімдемесін объективті деп бағалағанымен, Оңтүстік Қытай теңізіне қатысты ескертпелерін жаратпады.

Қытай - Аустралияның алдыңғы қатарлы сауда әріптестерінің бірі. АҚШ-пен тарихи байланыстары әуелден құрылған Аустралия оның Таяу шығыстағы бірқатар әскери операцияларына көмек қолын жіберген кезі де болған.

“The Qazaq Times”