Зимбабвенің қарулы күштері президент Мугабені үй қамағына алудан бұрын, сол елдің әскери жоғары лауазымдылары Бейжіңге келді. Қытайдың жоғары әскери лауазымдылары бұны қалыпты әскери алмасулар деп түсіндірді. Шын мәнісінде Зимбабве мен Қытайдың байланысы қаншалықты терең? Бұл туралы BBC сарапшысы Алекс Винс сараптаған еді.

Зимбабведегі әскери төңкерістен бірнеше күн бұрын, қарулы күштерінің ең жоғары командирі Константино Чиуенганың Қытайға сапарлай баруы назар аудармай қалмады. Қытайдағы маңызды мәлімдемелер арасында Зимбабвенің президентін қамауға алуға байланысты айыптау болмады. Осының өзі бұл істегі Қытайға қатысты күмәнді арттыра түсетін.

Қытай Зимбабвенің төртінші үлкен сауда әріптесі және ең үлкен инвестиция көзі. Ауыл шаруашылығынан тартып, инфрақұрылымдарға миллиардтаған қаржы аударған. Енді бір жағынан, Зимбабве - Қытайға сенім артуға тура келетін сауда әріптесі, Қытай Зимбабвенің экспорты үшін ең үлкен нарықты қамтамасыз етіп, Африка елдерінің нәзік экономикасына қолдау көрсетті. Екі елдің сауда-экономикалық қарым-қатынасы Мугабеден де бұрын басталған.

1979 жылы Реберт Мугабе Кеңес одағының қолдауына ие бола алмағандықтан, қару-жарақ пен жаттығуды қамтамасыз ету үшін Қытайға арқа сүйеді. 1980 жылы Зимбабве тәуелсіздік жариялағаннан кейін, екі ел ресми түрде дипломатиялық қатынас орнатты. Сол жылы Мугабе Бейжіңге премьер-министр ретінде сапарлай барды. Содан бері ол Қытайда жиі қонақ болып келеді.

Көптеген жылдардан бері Зимбабве лауазымдылары Қытайдың ықпалымен Батысқа қарсы әрекет етіп келеді. Әсіресе, 2002 жылы Еуроодақ Зимбабвеге санкция енгізгеннен кейін ел үкіметі саясаттың бетін түгелдей «Шығысқа бұрды». Осыдан тура он жыл бұрын, Мугабе Хараре қаласында Қытай салып берген стадиондағы жиналыста сөз сөйлеп: «Біз әлдеқашан бетімізді Шығысқа бұрдық, ол болса – күн шығатын жақ. Біз Батыстан бет бұрдық – ол күн бататын жақ», – деген болатын. Дәл Зимбабве «Шығысқа бет бұрған саясаты» кезінде, Қытай қарулы күштері де елдегі ықпалын тереңдете түсті. Зимбабве Қытайдан ауыр әскери құралдарды сатып ала бастады. Айталық, «Жяулан-8» (Жаттықтырушы) түріндегі шабуылдаушы ұшақтар, JF-17 «Xiaolong» соғыс ұшағы, жауынгерлік көліктер, радар және өзгеде әскери құрал-жабдықтар.

Алайда, 2008 жылғы қарулы қақтығыстан кейін, Бейжің билігі Зимбабвені қару саудасында қара тізімге алу шешіміне келді. Зимбабвенің қатынасты қалпына келтіру талабына қарамастан, «Шығысқа бет бұру» саясаты күткен инвестиция келмеді. Он жыл өткеннен кейін Мугабе 2015 жылдың тамыз айында «қайта батысқа бет бұру» саясаты туралы баяндамасын жариялады. Шындығына келгенде Зимбабвеге Қытай мен Батыстың, әсіресе Ұлыбританияның қатар қызығушылығы күшейді. Екі елдің Зимбабведегі елшіліктері де алыс емес. Зимбабвенің жағдайына байланысты көп елдердің елшіліктері азайып жатса да, Қытайдың елшілігі жыл сайын кеңейіп отырды. Елдегі кез-келген саяси-әлеуметтік жағдайларға қытайлық дипломатия өкілдері барынша белсенділік танытып келеді.

Қытай басшысы Зимбабведе 2015 жылы, ал Мугабе Қытайда 2017 жылдың қаңтарында сапарда болды. Кездесулер кезінде Ши Жинпиң инвестиция салу және қаржы көздерін орналастыру арқылы Зимбабведегі бизнесті жандандыра түсуге дайын екенін жеткізгенімен, шын мәнісінде, Зимбабвенің экономикасы тұрақтанбайынша инвестиция салмайтынын анық аңғартты. Өткен жылы екі елдің арасындағы сауда айналым 1,1 млрд АҚШ долларына жетті. Қытай Зимбабвенің темекі, мақта және өзгеде шикізат өнімдеріі үшін үлкен импортер болып шықты.  Ал Қытай бұл елге электроника, мата және өзгеде дайын өнімдерді экспорттады. Бұдан сырт, Қытайдың мемлекеттік инфрақұрылымдық компаниялары Зимбабведегі 100 млн. АҚШ доллары құнға ие инфрақұрылымдық құрылыстарға (қорғаныс академиясын қоса алғанда) белсенділік танытты. Өткен жылы Қытай Хараре қаласында жаңа 650 орындық парламент ғимаратына инвестиция салуға келісті.

Дегенмен, қытайлық дипломаттар мен көптеген кәсіпорындар Зимбабведегі өздерінің жағдайының жақсаратын бір күнді күтумен келеді. Кейбір компаниялар елдегі инвестициялық ахуал күрделі және баламалы нарықтарға ие екенін анықтады. Екі апта бұрын Қытайда өткен Қытай-Африка тақырыбындағы конференцияда Зимбабве мүлде аталмады. Эфиопия, Судан және Ангола сияқты стратегиялық серіктестерден немесе Нигерия, Кения және Оңтүстік Африка сияқты ірі нарықтардан айырмашылығы Зимбабве Бейжіңнің соңғы жоспарына басымдық бермегені. Сондықтан, Бейжіңді Зимбабведегі инвестициялық жағдайдың жақсарып кетуі алаңдатады.

Хараре өз кезегінде заңды үкіметті таңдауға әкелетін айқын өтпелі келісімді қолданады. Ал, бұл болса Бейжің мен Лондонның да қатар мүддесіне сайып отыр. «Шығысқа бет бұру» саясатымен қатар Батысты да тең әріптестікке шақыру Қытайдың діттеген үдесінен шықпай қалды. Зимбабве үшін ең керегі – тұрақты әрі сенімді үкімет. Содан кейін ғана Азияның, Американың, Еуропаның салған инвестициясы Зимбабведе өркендейді деп сенеді. Бұны осы жылдың қаңтар айында Мугабе Бейжіңдегі сапары кезінде ескерту ретінде өзіне қабылдады. Алдынғы аптада Қытайға сапарлаған қорғаныс командирі де осы ескертуді құлағына құйып кеткен.

Бір сөзбен айтқанда Африкада көне және жаңа отаршылдардың қақтығысы, сауда-экономика, инвестиция түрінде сұрапыл жүріп жатыр.

“The Qazaq Times”