Белгілі қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор Бәкей Ағыпарұлы Моңғолия ғылым Академиясының академигі болып сайланды. Бұл туралы МҒА-ның вебсайтына сілтеме жасап KAZNEWS хабарлады.

Бәкей Ағыпарұлы бұл жоғары ғылыми атаққа мал шаруашылығының тиімділігін арттыру, экономикалық және менежменттік бағытта 30 жыл ғылыми зерттеулер жасап, моңғолияның ауыл шаруашылығының тұрақты дамуының стратегиялық бағыты, малшы отбасының экономикалық шешім қабылдау процесі, жайылым жерлерді ұтымды пайдаланудағы менежменттік үлгісін жасау мәселері бойынша еңбектері үшін ие болды.

Бәкей Ағыпарұлы – Моңғолия Парламентіне Баян-Өлгий аймағынан екі рет сайланып, Моңғолия Парламентінің Табиғат, қоршаған орта, ауыл шаруашылығы жөніндегі және Мемлекеттік құрылымдары жөніндегі тұрақты комитеттерін басқарған. Ауыл шаруашылығы университетінің проректоры қызметтерін атқарған.

Қазір Моңғолия Ауыл шаруашылығы Академиясының вице президенті.

"The Qazaq Times"